
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында теміржол вокзалы қызметкерлері арасында «Жұмыс орнында дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ұйымдастыру», «Вакцинация – аурулардың алдын алудың тиімді жолы» және «Тырысқақтың алдын алу» тақырыптарында семинар өткізілді. Семинар барысында қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі, сондай-ақ тырысқақтың белгілері, берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.








