
«Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Бозащы түбегінде орналасқан «Көгез» этноауылына арналды.
«Этноауыл» жобасын жергілікті тұрғын Мұқағали Ербозов өзге кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырған.
Жобаның басты мақсаты – шетелдік қонақтарға қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін, сондай-ақ Маңғыстаудың бірегей табиғатын таныстыру.
Айта кетейік, жобаның табысты жүзеге асуына Маңғыстау облыстық туризм басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсеткен.








