Кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі қалай белгіленеді

    ·
    Кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі қалай белгіленеді

    Егер адам өндірісте жарақат алса немесе оған кәсіптік ауру диагнозы қойылса, онда оның кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіледі.

    Бұл нені білдіреді?

    Сараптама барысында мамандар денсаулықтағы өзгерістер адамның бұрынғы мамандығы бойынша еңбек ету мүмкіндігіне қаншалықты әсер еткенін бағалайды. Нәтижесінде кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленеді.

    Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін алдымен өзіңіз тіркелген емханаға жүгіну қажет. Медициналық тексеруден кейін көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама береді.

    Сарапшылар ұсынылған медициналық құжаттарды зерделеп, денсаулық жағдайын бағалайды және кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін, сондай-ақ оның белгілену мерзімін анықтайды.

    Белгіленген мерзім аяқталған кезде қайта куәландыру жүргізіледі. Оның мақсаты – азаматтың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бағалап, бұрын белгіленген кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылдау.

    Егер азамат қабылданған шешіммен келіспесе, оны заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

    Қосымша ақпаратты Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінен немесе тіркелген емханадан алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары