📌 «Алель Агро» акционерлік қоғамының Жамбыл филиалында жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілуде

    📌 «Алель Агро» акционерлік қоғамының Жамбыл филиалында жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілуде

    📌«Алель Агро» акционерлік қоғамының Жамбыл филиалында жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілуде

    2026 жылғы 26 мамырда мемлекеттік еңбек инспекторы Ж. Бекмұрзаев комиссия мүшелерімен бірлесіп «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының 2-разрядты жұмысшысымен болған жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

    Тергеп-тексеру барысында инспектор жазатайым оқиғаның орын алу мән-жайлары мен себептерін анықтауға қатысып, зардап шеккен жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты құжаттарды, жұмыс орнының жай-күйін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын зерделеуде.

    Сонымен қатар, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауы, жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуі, қажетті нұсқамаларды өткізуі, жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытуы және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы тексерілуде.

    Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаның себептері айқындалып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берген тұлғалар (анықталған жағдайда) белгіленеді, сондай-ақ мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеуге бағытталған профилактикалық шаралар әзірленетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары