ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ
Өрт – адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіретін апат. Өрттің көпшілігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады. Сондықтан әр адам өрттің алдын алу жолдарын білуі қажет.
Өрттің алдын алу үшін:
- Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
- Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Газ және электр құралдарын дұрыс пайдаланыңыз.
- Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
- Түтін басқан бөлмеден еңкейіп немесе еңбектеп шығыңыз.
Есіңізде болсын: өрттің алдын алу – әр адамның міндеті!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!




