Теологтарға арналған оқыту семинары

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    24 шілде күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің теолог-мамандарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

    Семинардың спикері ретінде орталықтың теологы Беков Н. сөз сөйледі. Ол «Дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдардың фиқһ мәселелеріндегі айырмашылықтары» тақырыбында баяндама жасады.

    Іс-шара барысында қатысушылар діни қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, деструктивті діни ағымдарды танудың ерекшеліктерін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологтардың жұмыс жүргізуінің практикалық қырларын талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары