
Жаңа мамандықты тегін игеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарға сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
📊 Соңғы үш жылда:
🔹 30 387 адам оқудан өтті;
🔹 21 781 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Мемлекет оқу ақысын төлейді, шәкіртақы тағайындайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өту, жол жүру және тұру шығындарын өтейді.
▶️ Толығырақ бейнематериалымыздан көре аласыз.
https://www.instagram.com/reel/DblQL71MwYI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




