Құқықтық көмек – әрбір азаматқа қолжетімді!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Құқықтық көмек – әрбір азаматқа қолжетімді!

    Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауыл тұрғындары арасында «Құқықтық кабинет» қызметінің мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    «Құқықтық кабинет» – азаматтарға заңнамалық және құқықтық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи электрондық сервис.

    📌 Құқықтық кабинет арқылы азаматтар:
    ✅ Қазақстан Республикасының заңнамалары туралы қажетті ақпарат ала алады;
    ✅ құқықтық мәселелер бойынша пайдалы мәліметтермен таныса алады;
    ✅ сот органдарына құжаттарды электрондық форматта жолдай алады;
    ✅ мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалана алады;
    ✅ құқықтық құжаттардың үлгілері мен өзге де қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.

    🤝 Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және әрбір азаматтың өз құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауына жағдай жасау.

    Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары! Егер «Құқықтық кабинет» қызметін пайдалану бойынша сұрақтарыңыз болса, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарына жүгінуге болады. Сіздерге қажетті ақпараттық және консультациялық көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары