Құрметті кәсіпкерлер, бухгалтерлер және бизнес-қоғамдастық өкілдері!

    Құрметті кәсіпкерлер, бухгалтерлер және бизнес-қоғамдастық өкілдері!

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді
    «ҚҚС, АСР және камералдық бақылауды әкімшілендірудің өзекті сұрақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

    Іс-шара барысында:
    салық заңнамасындағы соңғы өзгерістер таныстырылады;
    қосылған құн салығын (ҚҚС) және арнаулы салық режимдерін (АСР) әкімшілендірудің өзекті мәселелері түсіндіріледі;
    камералдық бақылаудың негізгі аспектілері мен жиі кездесетін бұзушылықтар қарастырылады;
    қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, практикалық түсіндірмелер ұсынылады.

    Күні: 2026 жылғы 5 тамыз

    Уақыты: 11:00 (қатысушыларды тіркеу – 10:30-дан бастап)

    Өтетін орны: Alikhan Bokeikhan University, конференц-залы, 3-қабат, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11.

    Кездесу – салық заңнамасындағы жаңашылдықтармен танысып, өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттік кірістер органдарының мамандарынан тікелей жауап алуға тамаша мүмкіндік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары