
2026 жылғы 03 тамызда Ақмола облысының әлілет Департаменті басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл Э.Қабышев Мемлекеттік қызметке алғаш кірген, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін жаңадан кірген қызметкерлер үшін оқыту жүргізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға, мүдделер қақтығысының алдын алуға, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мәселелеріне, сондай-ақ "Адал азамат"идеалдарына сәйкес келетін парасаттылық пен жоғары жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз етуге және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алуға бағытталған.






