
2026 жылғы 30 шілдеде Қызылжар ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Шекара басқармасының, полиция бөлімінің, аудан әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Баяндамамен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің шекараны күзету басқармасының бастығы, полковник Т.Т. Супиев сөз сөйлеп, қатысушыларды мемлекеттік шекарадағы ағымдағы ахуал, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар және өзекті мәселелер туралы хабардар етті.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы жануарларының мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу, шекара маңындағы елді мекендерде қоршау құрылыстарын орнату, мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріндегі инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, сондай-ақ шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді уақтылы шешуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.


