КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

    КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

    Түркістан облысында ҚР Презиеденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін беруде. Бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, кәсібін өркендетіп отырған жандардың бірі – Кентау қаласының тұрғыны, кәсіпкер Ажар Қалдыбаева.
    Ісмер 2023 жылы Мемлекеттік бағдарлама арқылы 8,5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Бөлінген қаржыға Қытай Халық Республикасынан заманауи тігін және өндірістік құрал-жабдықтар сатып алып, шеберханасының материалдық-техникалық базасын жаңартқан. Соның нәтижесінде өндіріс көлемі артып, тапсырыстарды қысқа мерзімде әрі сапалы орындауға мүмкіндік туған.
    Қазіргі таңда кәсіпкердің шеберханасында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда ұлттық нақыштағы көрпе-көрпелер, қыз жасауы және тұрмысқа қажетті тігін бұйымдары дайындалады. Өнімдердің сапасы мен қолжетімді бағасы тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, сұраныс жыл сайын артуда.
    Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдау кәсібін дамытуға үлкен мүмкіндік берген. Заманауи жабдықтардың арқасында өндіріс тиімділігі артып, жаңа тапсырыстарды қабылдау көлемі де ұлғайған.
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлерінің ісін кеңейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңір экономикасының дамуына өз үлесін қосып келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары