ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
    Хантағы ауылында жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысы барысында көшеге сапалы асфальт төселіп, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыстар тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
    Ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары ескеріле отырып, жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары