2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы

    2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.

    Талаптар:

    1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;

    2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;

    3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;

    4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);

    5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;

    Өтінім беру мерзімі: 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 17.30 - ға дейін.

    Өтінімді қайда беру керек:

    – қағаз түрінде Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңсесіне (Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, 306 кабинет);

    – электрондық нұсқасын [email protected] электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 306 кабинетіне (Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101).

    Байланыс деректері: 8 (7132) 56-00-43, +7 708 212 6344, [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары