«Заң мен Тәртіп – әр отбасының құндылығы» тақырыбында бірыңғай тәрбиелік сағат өтті

    «Заң мен Тәртіп – әр отбасының құндылығы» тақырыбында бірыңғай тәрбиелік сағат өтті

    2026 жылғы 30 шілдеде «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағытын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес «Заң мен Тәртіп – әр отбасының құндылығы» тақырыбында бірыңғай тәрбиелік сағат өткізілді.

    Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері бейнеселекторлық байланыс арқылы қатысты.

    Тәрбиелік сағат барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері, техника ғылымдарының докторы, Заң ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбділов Оңайбек Нұрасылұлы баяндама жасап, отбасы құндылықтарын сақтау, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

    Сондай-ақ, іс-шараға ішкі істер органдарының ардагері Нсанбаев Бердібек Айтжанұлы және Қажылар қауымдастығының төрағасы Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы қатысты.

    Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және заң мен тәртіп қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    https://www.instagram.com/reel/DbnV9WWstJZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары