Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде 7 айдың қорытындысы шығарылды

    Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде 7 айдың қорытындысы шығарылды

    Маңғыстау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Б.Берикбаевтың төрағалығымен 2026 жылдың 7 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңестік жиын өтті.

    Жиын барысында есепті кезеңдегі жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері жан-жақты талданып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың ашылу деңгейін арттыру және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін күшейту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.

    Сондай-ақ, қызмет барысында анықталған кемшіліктер қаралып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жеке құрамға қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру және алдағы кезеңге жоспарланған жедел-профилактикалық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру міндеті жүктелді.

    Жиын қорытындысында алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары айқындалып, берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтілді.

    https://www.instagram.com/reel/Dbm7AIXtBd_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары