
Сыбайлас жемқорлық – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендететін, экономиканың дамуына кедергі келтіретін және әлеуметтік теңсіздікті күшейтетін өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Шахтерское ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.А. Бексұлтанов ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіру барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту қажеттігі түсіндіріледі. Сондай-ақ тұрғындарға жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланады. Ең алдымен әрбір азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жағымсыз салдары туралы және оның өзіне, отбасына, жақындарына тигізетін әсері жайында ойлануы қажет. Біз бірлесіп сенімге, ашықтыққа және әділдікке негізделген қоғам қалыптастырамыз.








