
3 тамыз күні Сенек ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру және бақылау іс-шаралары өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл әкімдігі мен жауапты мамандар, ауылдық учаскелік инспектор тұрғындармен кездесіп, ауыл тазалығын сақтау, санитарлық талаптарды орындау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, қоқысты уақытылы төгу, аула мен көше тазалығын сақтау, сондай-ақ құрылыс және өзге де қалдықтарды бей-берекет тастамау қажеттігі айтылды.
Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Санитарлық талаптарды сақтау қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, тұрғындардың денсаулығы мен ауылдың көркеюіне де оң әсер етеді.
Туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!
Сенек ауылы әкімшілігі








