
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары, медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектілігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша азаматтарды ақпараттандыру мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2026 жылғы 05 тамызда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін «Петропавл қаласының №1 бөлімшесі» филиалының халыққа қызмет көрсету алаңында «Ашық есік күнін» өткізеді.
Өткізілу орны: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., көш. М.Ауэзов, 157








