🔰 САРЫАҒАШ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

    🔰 САРЫАҒАШ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

    🔹 Үстіміздегі жылдың 30 шілде күні Департаментімен арнайы бекітілген ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспарына сәйкес жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кезекті түсіндіру жұмыстары Сарыағаш қаласында жүргізілді.

    🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы, Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Құралов Марат Жұмағалиұлы, Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысы Қалдықараева Айсұлу Мақұлбекқызы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және өңірдегі кәсіпкерлік субъектірелінің басшылары, әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кадр саласына жауапты мамандары қатысты.

    🔹 Кездесу барысында жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жұмыс берушінің заңмен белгіленген міндеті екендігі түсіндірілді. Бұл сақтандыру еңбек қызметі барысында орын алған жазатайым оқиғалар салдарынан қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне және оның әлеуметтік қорғалуына бағытталған кепілдік екені тарқатылды.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары