Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

    Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту мин ис трі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталыққа барып, балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, сондай-ақ қосымша білім беру мен балалардың жан-жақты дамуына арналған мүмкіндіктермен танысты.📚

    Мин ис трге білім беру, мәдени және спорт бағыттарын біріктіретін орталықтың қызметі таныстырылды. Мұнда робототехника, шахмат, шығармашылық және спорт үйірмелері жұмыс істейді, сондай-ақ түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге жағдай жасалған.
    ☀️

    Сапар барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, оларды қосымша біліммен қамту және қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.🤝

    Сондай-ақ қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, балалар мен отбасылар үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.✅

    Осындай қоғамдық орталықтар балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары