🔰 АРЫС: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

    🔰 АРЫС: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

    🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес өңірдегі кәсіпорын иелерінің қатысуымен өткен кезекті кездесу Арыс қаласында жалғасын тапты.

    🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Садықов ғани Сауытбекұлы, Арыс қалалық мансап орталығының директоры Медетбеков Ерболат Ерғазыұлы, Арыс қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Мұхит Есет Нұржанұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Арыс қаласында орналасқан кәсіпкерлік субъектірелінің басшылары, әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кадрға жауапты мамандары қатысты.

    🔹 Кездесу барысында Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Айнель Алтынбекқызы қатысушыларға қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың талаптары мен артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді.

    🔹 Іс-шарада міндетті сақтандыру шарттарын уақытылы жасасудың маңыздылығы, жұмыс берушінің заңнамада көзделген міндеттері, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және сақтандыру жағдайы туындаған кезде қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу тетіктері кеңінен баяндалды.

    🔹 Сонымен қатар, жиынға қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

    🔹 Кездесу соңында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша өңірдегі ұйымдарда еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңда көзделген талаптарының орындалуы қатаң назарға алып, ол бойынша Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшыларына қатаң бақылауға алуға тапсырма берілді.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары