"Шымбұлақ" демалыс аймағының аумағында аумақты тазарту бойынша сенбілік өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    "Шымбұлақ" демалыс аймағының аумағында аумақты тазарту бойынша сенбілік өткізілді

    31 шілде күні «Шымбұлақ» демалыс аймағында аумақты тазалау және жиналған қоқысты шығару бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында демалыс орнының аумағы тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.

    Еске саламыз, демалыс аймағында қоқыс жинауға арналған арнайы орын қарастырылған. Барша келушілерден тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауды және демалыс аймағының тазалығын сақтауды сұраймыз.

    Құрметті демалушылар! Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сіздерді қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және «Шымбұлақ» демалыс аймағының көркін бірге қорғауға шақырамыз.

    Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. Табиғатты бірге қорғайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары