Радио эфирінде сұхбат

    Радио эфирінде сұхбат

    2026 жылғы 23 шілдеде Алматы облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Е.Сартова «Жетісу» радиосының таңғы эфиріне қатысып, мемлекет кепілдік берген заң көмегі тақырыбында сұхбат өткізді.

    Сұхбат барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібін реттейтін заңнаманың негізгі ережелері, оны алуға құқығы бар азаматтардың санаттары, сондай-ақ мемлекет ұсынатын заң көмегінің түрлері түсіндірілді.

    Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегінің қолжетімділігі және азаматтардың өз заңды мүдделерін қорғау құқығын іске асыру тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары