🔰 БҮГІН: ДЕПАРТАМЕНТТЕ 2026 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНЫП, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

    🔰 БҮГІН: ДЕПАРТАМЕНТТЕ 2026 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНЫП, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
    🔹 Бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен 2026 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес отырысы өтті.
    🔹 Жиын барысында Департаменттің негізгі қызмет бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым міндеттер жан-жақты талқыланып, еңбек қатынастары саласында міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
    🔹 Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы және Департаменттің статистик, іс жүргізу жөніндегі инспекторы Сапарбек Индира Сапарбекқызы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың «Алғыс хаттарымен», Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен және Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
    🔹 Жиын соңында Департамент басшысы ұжымға атқарылған жұмыстар үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмысты одан әрі күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары