
Заң мен тәртіп идеологиясы аясында психологиялық тренинг өткізілді
Заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау мақсатында оқушыларға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау, өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жанжалдардың алдын алу дағдыларын дамыту болды.
Тренинг барысында қатысушылар психологиялық жаттығулар мен топтық жұмыстарға белсенді қатысып, эмоцияларды басқару, күйзелістің алдын алу, тиімді қарым-қатынас орнату және дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері бойынша тәжірибелік білім алды. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.








