Профилактика басты назарда: ШҚО ПД-да гарнизондық жиыны өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Профилактика басты назарда: ШҚО ПД-да гарнизондық жиыны өтті

    Профилактика басты назарда: ШҚО ПД-да гарнизондық жиыны өтті

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған полицияның кешенді күштерінің гарнизондық жиыны өтті.

    Қызметке кірісер алдында ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қызметте ерекше көзге түскен бір топ қызметкерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және ШҚО ПД бастығының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады. Халықаралық «Алтай Fest» фестивалі кезінде жоғары кәсібилік танытып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған тәртіп сақшылары марапатталды.

    Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Ерлан Омарбеков ішкі істер органдары қызметінің басты бағыты құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамның сенімін нығайту болып қала беретінін атап өтті.

    «Әрбір полиция қызметкері мынаны есте ұстауы тиіс: біздің міндетіміз – орын алған құқық бұзушылықтарға тек қана ден қою емес, ең алдымен олардың алдын алу. Өз ісіне деген кәсібилік, жауапкершілік және азаматтарға деген сый-құрмет – өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен халықтың полицияға деген сенімінің кепілі», – деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің бастығы.

    Нұсқаулық барысында азаматтар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су айдындары маңындағы демалыс аймақтарын патрульдеуге, сондай-ақ сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезеңінде қойылған міндеттерді орындауға ерекше назар аударылды.

    Гарнизондық жиын аяқталған соң полиция қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген төтенше жағдайға жедел ден қою үшін өз қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары