«Тау самалы» жазғы лагерінде қауіпсіздік сабағы өтті

    ·
    «Тау самалы» жазғы лагерінде қауіпсіздік сабағы өтті

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік сабағын өткізді. Кездесу барысында құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін, су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидаларын және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Балалар мамандардың кеңестерін қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Тәжірибелік бөлім ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар өрт сөндіру техникасымен танысып, арнайы өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін киіп көрді. Ал іс-шараның ең қызықты сәті – өрт сөндіру жеңдерінен шашылған салқын сумен сергіген балалардың қуанышты сәттері болды. Аптап ыстықта бұл тосынсый балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары