
Жаңасемей ауданында жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» еңбек жасағы бағдарламасы аясындағы 2026 жылғы жұмыс маусымы өз мәресіне жетті.
Биыл аудан бойынша 60 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде маусым айында - 18 жас, шілде айында - 42 жас еңбек жасағының қатарына қабылданып, ауданның елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты.
«Жасыл ел» сарбаздары Қайнар, Озерки, Мұқыр, Шақаман және Приречный ауылдарында еңбек етіп, көшелерді тазалау, қоғамдық орындарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп- баптау және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстарды атқарды.
Жұмыс маусымының аяқталуына байланысты барлық «Жасыл ел» сарбаздарына адал еңбегі мен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Еңбекке деген жауапкершілік пен туған жерге деген жанашырлықтары алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.









