Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.
Кезекті акция аясында прокуратура қызметкерлері блогерлермен және бизнес қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп жастардың «Елімай» мен «Қайсар» командалары арасындағы футбол матчын тамашалауын ұйымдастырып, 1000-нан астам тегін билет таратты.
Жаз басталғалы прокуратураның бастамасымен 2000-нан астам бала футбол турының орталық матчтарын екі рет тегін тамашалады.
Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері қатысушыларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, орталық стадионда заң талаптарын сақтау мен қоғамдық жауапкершілікті насихаттайтын «Заң мен Тәртіп» тақырыптық баннері орналастырылды.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар оң нәтижесін беруде. Облыста жасөспірімдер қылмысының төмендеуі байқалады.
Балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту – заңға бағынатын әрі дені сау ұрпақты қалыптастырудың тиімді тетіктерінің бірі болып қала береді.

Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі