
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің индустриялы өңіріміз үшін сіздердің еңбектеріңіздің стратегиялық маңызы зор. Екібастұз теміржол торабының үйлесімді жұмысы өндіріс алыптарының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл еліміздің экономикасына өлшеусіз үлес қосып келеді. Сіздердің жоғары жауапкершіліктеріңіз, темірдей тәртіптеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз зор құрметке лайық.
Даңқты еңбек дәстүрлерін сақтап, лайықты ізбасарлар тәрбиелеген сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, апатсыз жұмыс, отбасылық бақ-береке және туған қаламыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа табыстар тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы








