Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

    ·
    Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

    «Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаменті Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі – Кодекс) 7 жер қойнауын пайдаланушының 9 объектісіне қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

    Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 137, 141, 143 және 144-2-баптарына сәйкес жүргізілді. Аталған баптар мемлекеттік бақылау нысандарын, тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін, тексеру парақтарын қолдануды және бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібін реттейді.

    Профилактикалық бақылаудың мәні субъектілердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, сақталуын қамтамасыз ету және анықтығына қатысты талаптарды сақтауын тексеру болды.

    Бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №796 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парағын пайдалана отырып жүзеге асырылды.

    Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың алдын алу, міндетті талаптардың сақталуын әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбай қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

    Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары