2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

    Ағымдағы жылдың 21-шілдесінде М.Хасенов атындағы ОМ-нің мәжіліс залында №415, №416, №437, №438, №439, №440, №441, №442 және №443, жиыны 9 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның Жоспарына» сәйкес «Дауыс беру күніндегі рәсімдер бойынша тәжірибелік треннингтер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі семинар - оқыту өткізілді.

    Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетулер мен өзгертулермен таныстырылды, Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізудің дайындық және ұйымдастыру мәселелерімен, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт, сайлау процессіне қатысушылардың өзара іс-қимылдары, мүгедек жандарға сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі минималды талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқыту семинары треннингтік тәсілмен жалғасын тауып, УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

    Бекітілген жоспар бойынша оқыту семинарлары алдағы кезеңде ауылда қалған УСК мүшелерімен, елді мекендердің орналасу реттілігіне сай, жинақтап көшпелі түрде өткізілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары