
Бүгін «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссияның төрағасы Ж.Тұрабаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қ.Умаров, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысында Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/14 –VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2026 жылғы 15 маусымдағы № 158 «Жер комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 189 қаулысын бекіту туралы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшылары тиісті ақпарат беріп өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселелер мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды.









