ҮЕҰ-ҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫЛАРДЫ БЕРУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    ҮЕҰ-ҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫЛАРДЫ БЕРУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін) үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған сыйлықақыларды алуға үміткерлерден өтінімдер қабылдайды.

    Сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес тағайындалады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017041 .

    ҮЕҰ-ны сыйлықақыға ұсыну туралы өтінімдер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2026 жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында (қоса алғанда), Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін келесі тәсілдердің бірі арқылы ұсынылады:

    [email protected] электрондық поштасына (PDF форматында);

    ​немесе қағаз және электрондық жеткізгіште (CD-диск немесе USB флеш-жинақтауышта DOC, DOCX немесе PDF форматында) мына мекенжай бойынша қолма-қол тапсырылады:

    Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс.

    Өтінімдер өзіңізге ыңғайлы тілде – қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары