
2026 жылғы 30 шілде күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында құрылған мобильді топтың қатысуымен Қаратал ауданының Үштөбе қаласы аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. 🔹 Рейд барысында елді мекен аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізіліп, заңсыз қоқыс үйінділерінің қалыптасуына және құрылыс қалдықтарының бейберекет орналастырылуына жол берген жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға тиісті ескертулер беріліп, оларды қысқа мерзімде жою жөнінде талаптар қойылды. 🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алу, сондай-ақ елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.









