«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында теміржол қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізілді

    ·
    «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында теміржол қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізілді

    2026 жылғы 20–21 шілде күндері Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Ақтөбе» филиалының Әйтеке би және Никельтау пайдалану локомотив айналым деполарының қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді. Іс-шара барысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі, дұрыс тамақтану мен тұрақты дене белсенділігінің маңыздылығы, жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың алдын алу, сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары түсіндірілді. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алып, ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды. Іс-шара соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында сауалнама жүргізілді. Семинарларға барлығы 29 адам қатысты.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары