
«Таза - Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, елді мекендегі бұрыннан пайдаланылып келе жатқан трансформаторлық қосалқы станцияның (КТП) сыртқы келбетін жаңарту және әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстар аясында ғимараттың қасбеті заманауи талаптарға сай жөнделіп, ұлттық нақыштағы сәндік ою-өрнектермен безендірілді. Бұл өзгерістер инженерлік нысанның эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, ауылдың сәулеттік келбетіне де сән берді.
Трансформаторлық қосалқы станция – тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым нысандарының бірі. Сондықтан мұндай нысандардың техникалық жай-күйімен қатар, сыртқы көрінісіне де ерекше көңіл бөлінуі – елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған игі бастама.
Ауыл аумағындағы инженерлік инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстау, олардың сыртқы келбетін жаңғырту және абаттандыру жұмыстары аудан аумағындағы барлық елді мекендерде кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Көрікті ауыл – ортақ жауапкершілік!
Қарақия ауданы әкімдігініі баспасөз қызметі









