ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СЫМБАТ ТӨРЕТАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    ·
    ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СЫМБАТ ТӨРЕТАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    30 шілде күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

    Кездесуге аудан аумағында орналасқан кәсіпорын басшылары қатысып, аудан аумағында жүзеге асырылатын жобалар аясында ұсынылатын бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді.

    Мәліметке сәйкес, өндіріс және кәсіпорындар тарапынан алдағы уақытта 64 бос жұмыс орны келеді деп күтілуде.

    Одан бөлек «Газпром» ЖШС-нің Ресей федерациясында 900 ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылуда.

    Аталған жұмыс орындарына аудан тұрғындары кезең-кезеңімен орналастырылатын болады.

    Айта кетейік, бұған дейін 85 адам жұмысқа жолдама алған болатын.

    Қабылдау барысында аудан әкімі Сымбат Төретаев жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек нарығындағы сұранысты тиімді реттеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

    Айта кету керек, бүгінгі кездесуге 120-ға жуық аудан тұрғыны қатысты.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары