«НҰРА» АУДАНЫНЫҢ АҒА БУЫНЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ·
    «НҰРА» АУДАНЫНЫҢ АҒА БУЫНЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    «НҰРА» АУДАНЫНЫҢ АҒА БУЫНЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    Жалпыұлттық коалицияның өкілдері «Нұра» ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдерімен кездесу өткізді. Спикерлер жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және олардың қоғам үшін практикалық маңызын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылар ашық диалог форматында сұрақтар қойып, пікір алмасты.

    Іс-шарада құқықтық базаны жүйелі жаңарту азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу аясын кеңейтуге берік негіз қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты дамытуға жағдай жасайтыны айтылды.

    Кездесу соңында аға буын белсенділері жоба бойынша мазмұнды түсіндіру жұмысы үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жаңартылған Конституция нормаларын іске асыруда азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын және елдің тұрақтылығы мен орнықты дамуын нығайтудың өзектілігін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары