
“Абай облысы білім басқармасы” ММ Семей қаласы білім бөлімінің “№45 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-не жаңа директор тағайындалды.
Бұл лауазымға Адилмуратова Назым Адилмуратовна тағайындалды. Адилмуратова Назым Адилмуратовна 1986 жылғы 1 қаңтарда Үржар ауданы Тасбұлақ ауылында дүниеге келген.
2003 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетіне түсіп, 2007 жылы аталған оқу орнын “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Үржар ауданы Тасбұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Әр жылдары білім беру саласында түрлі қызметтерді атқарған.
Атап айтқанда: 2009-2012 жылдары Үржар аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинеттің тарих және география пәндерінің әдіскері, 2012-2014 жылдары Үржар ауданы Б.Тұрлыханов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014-2022 жылдары Үржар ауданы Жанай орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2022 жылдан бастап Абай облысы Семей қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметінде табыс, шығармашылық жетістік және сәттілік тілейміз!









