
Азаматтарды жеке қабылдау – құқықтық көмек көрсетудің және бұзылған құқықтарды қорғаудың маңызды нысандарының бірі. Ол әрбір азаматқа өз мәселесін тікелей жеткізуге, заңнама бойынша түсіндірме алуға, туындаған жағдайды талқылауға және оны шешудің мүмкін жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдерінің қызмет нысандарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру.
Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес, Уәкіл және оның өкілдері адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты өтініштерді қарайды, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, өз құзыреті шегінде қажетті құқықтық түсіндірмелер береді және тиісті ден қою шараларын қабылдайды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі И.В. Тарасенко облысымыздың кісіпорын қызметкерлерін еңбек құқықтары бұзу мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдау нәтижесінде ұжымдық өтініш қабылданды, жұмысқа алынды.
Егер мемлекеттік органдардың, ұйымдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкіліне жеке қабылдауға жазыла аласыз. Жазылу 8(7182)373075 нөмірі арқылы жүргізіледі. Әрбір өтініш заңдылық, объективтілік, құпиялылық және адам қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, жеке тәртіппен қаралады.
Жеке қабылдау – өз мәселеңізді жеткізіп, білікті құқықтық көмек алудың тиімді мүмкіндігі.









