"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММ·Жаңалықтар мұрағаты

29 шілдеде аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Аманжоловтың «Қазақстан Бидайы» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы көшпелі жұмыс іс-сапарына қатыстым.
Сапар барысында жарма мен үлпек шығаратын зауыт құрылысының аяқталу барысымен, сондай-ақ шикізатты сақтауға, тазалауға және кептіруге арналған элеватор кешенінің жабдықтарын орнату процесімен таныстым.
Кәсіпорынның ақпараты бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Қазіргі уақытта іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге дайындық жасалуда.
Нысанды пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі — 2026 жыл.








