Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану саласындағы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг өтті.

    Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану саласындағы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг өтті.

    2026 жылғы 16–17 шілде аралығында Ақмола облысының Зеренді және Бурабай аудандарында талдау жұмысы бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы С.С. Таушкеев полиция қызметкерлерімен бірлесіп кәмелетке толмағандардың еңбекке тартылуы кезінде еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізді. Іс-шара барысында сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен жанармай құю станцияларын қоса алғанда, 40-тан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылды. Мониторинг шеңберінде жұмыс берушілермен кәмелетке толмағандармен еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ олардың еңбек құқықтарын сақтау және еңбегін ұйымдастыру кезінде қолданыстағы құқықтық нормаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі." жаңалықтары