Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшірілді.

    ·
    Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшірілді.

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру жөніндегі мемлекеттік қызмет енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) көрсетілмейді. Мемлекеттік актіні алу үшін өтінішті енді тек eGov.kz порталы арқылы беруге болады.

    Қызметті алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, жер учаскесіне мемлекеттік актіні беру жөніндегі қызметті таңдауы, қажетті мәліметтерді толтыруы және өтінішке электрондық сәйкестендірудің қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қоюы қажет. Өтініш қаралғаннан кейін оның нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

    Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қосымша ақпарат eGov.kz порталындағы қызмет паспортында орналастырылған.

    Сонымен қатар, қызметті онлайн алу үшін қажетті мүмкіндіктері жоқ азаматтар ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын пайдалана алады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары