ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

    ·
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

    Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасымен және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес өкілдері үшін онлайн-кездесу өткізді.
    Полиция қатысушыларға жалған инвестициялық жобаларды, фишингтік сілтемелерді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы орын алатын алаяқтықты қоса алғанда, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы жеткізді.
    Сонымен қатар кәсіпкерлерге дербес және қаржылық деректерді қорғау шаралары түсіндіріліп, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
    ZOOM платформасындағы онлайн-кездесуге мемлекеттік органдардың, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Түркістан облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты.
    Өз кезегінде полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың киберқауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырады.
    Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
    *
    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМ РАССКАЗАЛИ О МЕРАХ КИБЕРБЕЗОПАСНОСТИ
    В целях профилактики интернет-мошенничества Управление по противодействию киберпреступности ДП Туркестанской области совместно с Управлением предпринимательства и торговли области и Региональной палатой предпринимателей «Атамекен» провело онлайн-встречу для представителей бизнеса.
    Полицейские рассказали участникам о наиболее распространенных схемах интернет-мошенничества, включая фиктивные инвестиционные проекты, фишинговые ссылки и мошенничество через социальные сети и мессенджеры.
    Кроме того, предпринимателям разъяснили меры по защите персональных и финансовых данных и дали практические рекомендации по безопасному использованию цифровых сервисов.
    В онлайн-встрече на платформе Zoom приняли участие представители государственных органов, региональной палаты предпринимателей «Атамекен» и более 3 тысяч предпринимателей Туркестанской области.
    В свою очередь, полиция продолжит профилактическую работу по предупреждению интернет-мошенничества и повышению уровня кибербезопасности населения.
    Пресс-служба ДП Туркестанской области
    ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары