«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    ·
    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
    Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
    Осыған орай, аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға кезекті мониторинг ұйымдастырылды. Аралау барысында нысандардың аумақтарын санитарлық күтіп ұстау, тазалық талаптарын сақтау және сыртқы келбетін абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы санитарлық талаптарды сақтау және анықталған олқылықтарды қысқа мерзімде жою жөнінде тиісті ескертулер берілді.
    Тазалық пен тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет әрі азаматтық жауапкершілік. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын тұрақты түрде сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және ауданымыздың көркейіп-көгеруіне белсенді үлес қосуға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары