аппараттық кеңес өтті.

    ·
    аппараттық кеңес өтті.

    🔹«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сарсембаев төрағалығымен облыстардың әділет департаменттері қызметінің тиімділігі рейтингі қорытындылары бойынша аппараттық кеңес өтті.
    Онлайн форматта өткен кеңеске Қостанай облысы Әділет департаментінің басшылығы қатысты. Баяндамашылар Қазақстан Республикасы заңнамасына атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген негізгі өзгерістерді, сондай-ақ нотариат қызметі мен заң көмегі саласындағы басты жаңашылдықтарды таныстырды.
    🔹 Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын ілгерілету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аумақтық әділет департаменттерінің қызмет қорытындылары шығарылды.
    Кеңес қорытындысы бойынша Министр тиісті тапсырмалар берді.


    Костанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары