
🔹««Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 28 шілдеде Қостанай облысы бойынша Сот сараптамалары институтында «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында дәріс өткізілді.
🔹 Дәрісті Қостанай облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласын бақылау бөлімінің басшысы Султанов А.Б. жүргізді.
🔹 Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның мемлекеттің Негізгі Заңы ретіндегі рөлі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі қағидаттары, сондай-ақ Конституцияның заңдылықты, құқықтық тәртіпті және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы қарастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конституциялық нормаларды іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









