ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 176,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 133,9 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

    ·
    ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 176,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 133,9 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
    Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша қала экономикасында бірқатар негізгі бағыттарда тұрақты өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 133,9 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 138,9 пайызды, бөлшек сауда көлемі 127,9 пайызды, құрылыс жұмыстарының көлемі 120,4 пайызды құрады.
    Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 176,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,6 пайыздық өсімге қол жеткізілді.
    Өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бекзат шағынауданындағы өндірістік парк аумағында 5 дайын өндірістік ғимараттың құрылысы толық аяқталды. Жалпы құны 11,8 млрд теңгені құрайтын төрт инвестициялық жобаны орналастыру жөнінде келісімдер жасалып, нәтижесінде 580 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары